Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер қамауға алынады. Рұқсат етілмеген акция үшін ол бес тәулікке қамауға алынып, айыппұл төлейтін болды.
Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлап отыр.
Оқиға 1 маусым күні Тұран-2 шағынауданындағы «Жаңалық» супермаркетінің жанында болды. Ұйымдастырушы балаларға тегін балмұздақ таратуға уәде еткен.
Келушілердің, негізінен балалардың көптеп жиналуы салдарынан кезек соңында кептеліс басталған. Таратуды жеделдету мақсатында ұйымдастырушылар балмұздақты тікелей топтың арасына лақтыра бастаған. Кейбір балмұздақ адамдардың басына түскен. Куәгерлер оқиғаның ретсіз өткені мен бақылаудың болмағанын жеткізді.
Кәсіпкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.