Алматыда сот шешімімен құрылысы аяқталмаған нысан бұзыла бастады. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан ғимарат бұзылып жатыр.
Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданып, басқарма тарапынан меншік иесіне күрделі темірбетон құрылымын бұзу туралы нұсқама берілген болатын, — делінген хабарламада.
Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылғы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.
Сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды.