2025 жылғы 4 маусымда таңертең Астана уақытымен сағат 08:06-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оқиға Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде болды.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің бағыты 44,421° с.е. және 80,237° ш.б. жатыр.
Жер сілкінісінің болжамды қарқыны төмен болып шықты – тұрғындар жер сілкінісін сезген жоқ. Қираған ғимараттар мен қаза болғандар жоқ.