Басты бет Жаңалықтар Екінші рет жылытуға болмайтын тағамдар тізімі

Екінші рет жылытуға болмайтын тағамдар тізімі

Дәрігерлер жылытуға болмайтын тағамдар тізімін жасады. Мамандар қызылшадан, еттен, саңырауқұлақтан, тауық жұмыртқасы мен картоптан жасалған тамақтарды екінші рет жылытуға болмайды дейді.

Себебі қайта қыздырылған тамақ пайдалы қасиеттерін жоғалтып, кейде тіпті зиянды тағамға айналады екен. Қызылша қыздырған кезде құрамындағы дәрумендерді жоғалтады. Ет дәмін жоғалтады. Ет ұзақ әрі ауыр қорытылатын тамаққа жататындықтан кей қасиеттерін жоғалтқанда қауіпті тағамға айналады. Саңырауқұлақ ақуызынан айырылады. Ал картопты қыздырғанда жоғары температурадан крахмал жоғалады.

Яғни бұл өнімдерден әзірленген тағамның пайдасы қасиеттері азайып, зияны арта түседі. Дәрігерлер сол себептен де оларды жылытпаған дұрыс дейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version