Басты бетЖаңалықтарАстанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«7 бөшке» тұрғын үй кешенінің 6 мен 16 қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен 14-қабаттағы балкон өртенген.

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын 250 шаршы метр алаңды қамтыды.

Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімдік қажет болған жағдайда тұрғындарды қонақ үйлерге уақытша орналастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар жан-жақты көмек көрсетіледі.