Басты бетЖаңалықтарОңтүстік Кореяда оппозициялық саясаткер президент болып сайланды

Оңтүстік Кореяда оппозициялық саясаткер президент болып сайланды

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда оппозициялық-демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.

Ол 49%-тен астам дауысын жинады.

Биліктегі «Халық күші» партиясының атынан түскен үміткер Ким Мун Су 41% дауыс жинап, жеңіліп, қарсыласы Ли Чжэ Мёнді жеңісімен құттықтады.

Сайлау бюллетеньдерінде тағы үш кандидаттың есімі болғанымен, олардың сайлау нәтижесіне айтарлықтай әсер ету мүмкіндігі болмады. Конституциялық сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің импичментін мақұлдағаннан кейін екі ай өткенде Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіліп отыр.

2024 жылғы 3 желтоқсанда Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге әрекеттенген еді. Алайда парламент спикері Ли Чжэ Мённің басшылығымен бұл шешім кері қайтарылды. Кейін парламент Юнға импичмент жариялау үшін дауыс берді.

Жаңа сайланған президент Ли Чжэ Мён жеңіс сөзінде елде «көтеріліске жол бермейтінін» және «әскери төңкеріске тосқауыл қоятынын» мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесінде Юнның әскери жағдай енгізу әрекетін меңзеген.