Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға Сәтпаев көшесі, 90/2 мекенжайында болған.
«112» желісіне 102 қызметінен құрылыс алаңында мұнара кранының құлағаны және бір адамның қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді, — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.