Басты бетЖаңалықтарАлматыда көлік жанармай бекетіне соқтығысты

Алматыда көлік жанармай бекетіне соқтығысты

Алматыда жол апаты болып, көлік жанармай құю бекетіне соқтығысты. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 маусым күні сағат 03:40–та Алатау ауданында болды.

Lexus маркалы көліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қатар ауыстыру кезінде сол бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан көлік жанармай құю бекетіне соғылды, — делінген хабарламада.

Салдарынан Мерседес жүргізушісі мен жолаушысы дене жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Қазір жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.