Басты бетЖаңалықтарШерзатқа қатысты сот: айыпталушының бірі Қаржаубай Нұрымовты жазалауды сұрады

Шерзатқа қатысты сот: айыпталушының бірі Қаржаубай Нұрымовты жазалауды сұрады

Талдықорғандағы сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай сөз сөйлеп, өзінің кінәсіз екенін айтты.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, оқиғаны бірінші болып бастаған – Қаржаубай Нұрымовтың өзі.

Істеген іс-әрекетім және бейнематериалды қарасаңыз, мен ешкімге қол көтермедім, теппедім және қолымда пышақ болмады. Мен досым Нұрболды (Тоқтаубаев) шақырғаныма өкінемін. Құрметті сот, қарап тұрсаңыз, осы іске тікелей қатысы бар, оқиғаға себепші болған – Қаржаубай Нұрымов. Ол бірінші Шерзат марқұмға мен туралы жалған ақпарат беріп, балалар келгенде пышақ шығарып, агрессия танытпағанда, Шерзат келген балалардың біреуін ұрмағанда мұнда төбелес болмас еді. Бұл жерде ерегес бастаған, адамдар тобын құрған және пышақ пен қаруды дайындаған Қаржаубай маған тағайындалған 293-бабының 3-бөлігімен жаза тағайындауыңызды сұраймын, – деді ол.

Айта кетейік, Дархан Әскентайды прокурор ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.