Басты бетЖаңалықтарҚұрбан айт – 2025: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Құрбан айт – 2025: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 2025 жылғы Құрбан айт намазының кестесін жариялады.

Айт намазы Астана, Алматы, Шымкентте 6 маусымда сағат 6.00-де оқылады.

Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды.

намаз кестесі
Инфографика: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сонымен қатар мұсылман шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратады, кедейлердің де аузы қызылға тиеді. Сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.