Басты бетЖаңалықтарҰБТ: ереже бұзған 74 адамның тест нәтижелері жойылды

ҰБТ: ереже бұзған 74 адамның тест нәтижелері жойылды

2025 жылғы 16 мамырдан бері ҰБТ-дан 116 мыңға жуық тестілеу өткізілді. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлап отыр.

Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 66,8%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда:

  • 19%-і «Математика-Физика»;
  • 15%-і «Шығармашылық емтихан» пәндер комбинациясын;
  • 14%-і «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.

Ерекше білім беру қажеттіктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 384 талапкер қатысты. ​

ҰБТ-ны өткізудің алғашқы апталарында 142 ереже бұзушылық анықталды. 68 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 74 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады, — делінген хабарламада.