Басты бетЖаңалықтарПрокурор: Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені толықтай дәлелдермен көрсетілді

Прокурор: Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені толықтай дәлелдермен көрсетілді

Шерзат Болаттың сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде сөз сөйледі.

Мемлекеттік айыптаушы қанды оқиға күні болған сотталушылардың әрекетін айтып берді.

Тараптардың барлық әрекетін зерделей келе, әрбір сотталушының әрекетін айтуға міндеттімін. Әрбір сотталушының әрекетіне нақты тоқталсам, — деді Дана Сәрсенбай.

Оның айтуынша, басты фигурант Абзал Шынасылдан жеті рет жауап алынған.

Зерттеулер көрсеткендей, Шерзаттың өлімі Шынасылдың пышақ соққысынан көз жұмғанын растап отыр. Тәуелсіз сот сарапшысы Тахир Халимназаров Шерзаттың қабырғасына кірген жара 12 сантиметрге тең. Абзал Шынасыл адам өлтіру бойынша сот алдында тұр. Адам өлтіруді жәбірленушілердің көз алдында өлтіру кезінде оларға жан азабы мен рухани кері әсет тигізуді қасқана жасағанын айтуға болады, — деді Дана Сәрсенбай.

Прокурор сотталушы Абзал Шынасыл өз жауаптарын тергеу мен сот кезінде өзгерткеніне де назар аударды.

Сотталушының кінәсін мойындамай, жауаптарын өткізуге сын көзбен қарауды сұраймын. Сотта Абзал Шынасылдың пышақ соққысы Шерзат өліміне себепші болғанына толық көз жетті, — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.