Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «көлеңкелі» нарығымен күрес жүргізіп жатыр.
Тексеру барысында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.
10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар 2кімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі, — деді ведомство басышысы Нұржан Нұржігітов.
Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сонымен қатар жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанында министрліктің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заңбұзушылық анықталды, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 миллион теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды.