1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініш қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.
Тіркелу ұлттық тестілеу орталығының сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде талапкер тестілеу тапсыратын қаласын өз еркімен таңдайды.