Құлсарыдағы жарылыcтан зардап шеккендер саны 16 адамға жетті. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД хабарлап отыр.
Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 16 адам зардап шекті, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жарылыстан 14 адам зардап шеккенін жазғанбыз. Екі адам оқиға орнында қаза тапқан.