Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам азамат ақталды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Осыдан 5 жыл бұрын саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Көптеген сарапшы мен ғалым үш жыл бойы тынымсыз еңбек етті. Мемлекеттік және мекемелік архив құжаттары егжей-тегжей зерттелді. Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам азамат ақталды. Екі жарым миллионнан астам материалдың құпия белгісі алынып тасталды, – деді президент.
Комиссия құрылған соң 72 томдық жинақ әзірленіп, Алашорда қайраткерлеріне қатысты 12 томдық материал жарық көрген.