Басты бетPushАтырау облысында жанармай құю бекеті жарылып, 2 адам қаза тапты

Атырау облысында жанармай құю бекеті жарылып, 2 адам қаза тапты

Атырау облысында жанармай құю бекеті жарылып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Жарылыс салдарынан жанармай құю бекеті, екі қабатты ғимарат және бір қабатты үш ғимарат жанып кеткен. Жарылыстан 14 адам зардап шегіп, екі адам қаза болған.

43 жастағы ер адам жарылыс кезінде цистернада болған. Ал оның 40 жастағы әйелі жанармай бекеті ғимаратында отырған,  – деп хабарлады жергілікті Atyrauoil.news сайты.

Қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ.