2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауылдағы 2 039 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады.
Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында айтылған.
Қазір шалғай елді мекендегі білім беру ұйымдарын Интернетпен қамтамасыз ету үшін Starlink спутниктік интернет желісі пилоттық жобасы (1674 мектеп қосылды) іске асырылып жатыр. Оған қоса ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты спутниктік интернетке қосу үшін Еуроодақтан берілетін грант аясында 2025 жылдың соңына дейін 328 ауылдық елді мекенді спутниктік интернетке қосу көзделген. Оның үстіне байланыс саласындағы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 2 039 мектепті қамтитын 3 010 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспарланған, — деді Ермек Көшербаев жауабында.