Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары маусым айында неше күн демалады?

Қазақстан азаматтары маусым айында неше күн демалады?

Қазақстан азаматтары маусым айында қанша күн демалатыны белгілі болды.

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым — демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым — демалыс, 7 маусым — жұмыс күні, 8 маусым — демалыс.

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін 10 күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.