Борышкерлер Алматы

Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, борышкерлер талаптарын айту үшін банк басшылығының сыртқа шығып, өздерімен кездесуін талап етті.

Бірнеше банктен ипотекалық несие алған борышкерлер экономикалық жағдай мен теңгенің үздіксіз құнсыздануына байланысты қарыздарын төлей алмай жатқанын айтып, қарыздарды қайта есептеуді, келісім-шарттың кей тармақтарын өзгертуді сұрады.

Наразылардың кейбірі көздері ғана көрінетіндей етіп қарасұр мата жамылып шықты. Олар бұл белгі өздерінің “құл” болғанын білдіреді дейді.

Бөлімшеден шыққан өкіл борышкерлерге банк төрағасына қоятын талаптарын жазбаша тапсыруды сұрады. Бірақ борышкерлер оған қарсылық білдіріп, “Төраға, сыртқа шық!” деп ұрандап айқайлап тұрып алды. Борышкерлер бұдан соң сол маңға жақын “Банк ЦентрКредит” бөлімшесіне барып, онда да талаптарын мәлімдеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!