Басты бетЖаңалықтарСемейдегі аспалы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семейдегі аспалы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынап жатыр. Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

ТМД-дағы жалғыз, үлкен аспалы көпіріміз 2000 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері асфальт төсемі толық ауыстырылмаған. 25 жыл бойы жамап, жасқап, ой-шұңқырларын бітеп келген. Алғаш рет осындай ауқымды жұмысты қолға алып жатырмыз. Уақытша шектеулерге халық түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Жұмыс барысында заманауи технологиялар қолданылады, – делінген хабарламада.