Samsung
Фото: Samsung
Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда Bespoke AI премиум топтамасының инновациялық тоңазытқыштарын сата бастайды. Жаңа өнімдер азық-түлік сақтауды жаңа деңгейге шығарып, ас үйді үйіңіздің зерделі орталығына айналдырады.

Samsung Bespoke AI топтамасының айрықша ерекшелігі тұрмыстық техниканың заманауи интерьерді толықтырып және айқындап қана қоймай, үй иелерінің күнделікті әдеттерін ескеріп отырады. AI технологиялары тағамды тиімді сақтауды қамтамасыз етеді, ас үй жұмысын жеңілдетеді, тамақ қалдығын азайтуға көмектеседі және тоңазытқышты ақылды үй экожүйесіне біріктіреді.

Бас жаңалық – ең жетілдірілген мүмкіндікпен қамтамасыз етілген төрт есікті ақ түсті FDR-RM90F67C1WWT тоңазытқышы. Ол тағамды сақтап қана қоймай, оларды ұқыпты тұтынуға көмектеседі.

Ыңғайлылық ойластырылған дизайннан басталады: орталық тік аралық жоқ, бұл көбірек сақтау орнын қамтамасыз етеді және көп тағам мен көлемді ыдыс орналастыруды жеңілдетеді. Сусынды тамаша температурада сақтайтын және жазғы сергіткіш қоспаға өте қолайлы экологиялық таза су құмырасы ыңғайлы ете түседі.

Ішкі бейнекамераның (AI Vision Inside) арқасында кейбір ингредиенттің бар-жоғын тексеру үшін тоңазытқышты ашудың да қажеті жоқ. Камера жаңа әкелген көкөністер мен жемістерді, кейбір оралған тағамды автоматты түрде таниды, содан кейін SmartThings қолданбасында Food бөлімінде осы ингредиенттер негізінде рецепт ұсынады. Бұл ішетін асын мұқият жоспарлайтындар үшін де, қолдағы барды құрастырып пісіруді ұнататындар үшін де ыңғайлы.

AI Home экраны – жеке көмекшіңіз. Тоңазытқыштың есігіне жақындағанда іске қосылатын тоғыз дюймдік сенсорлық дисплей бар. Кіріктірілген SmartThings арқылы қосылған үй құрылғыларын тікелей экраннан басқаруға болады. AI Home күн райын, кестені, шаруа туралы еске салғышты көрсетеді. Телефон жақын жерде болмаса да, тіпті тоңазытқыш арқылы қоңырауға жауап бере аласыз. Ас үйде қолыңыз босамай жатқанда YouTube-та сүйікті сериялыңызды қосқыңыз келе ме немесе фондық музыканы қойғыңыз келе ме? Мархабат!

Тоңазытқыштың есіктерін бір рет түртіп, ашуға болады. Түрту сезгіш тетіктер түртуге жауап береді және оларды табуды жеңілдету үшін қараңғыда жарқырайды. Бұл ретте кіріктірілген дыбыстық сигнал салқын азайып қалмас үшін есіктің ашылатынын ескертеді.

Екінші жаңа өнім – SBS-RS90F65D1FWT үлгісі — Samsung Bespoke AI бас технологияларымен қара түсті екі есікті тоңазытқыш. Ол AI Home сезгіш дисплейін және есікті автоматты түрде ашу мүмкіндігін ұсынады. Сыртқы диспенсер барлық уақытта салқындатылған және тазартылған суға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді және оның құрылымы тіпті үлкен бөтелкені толтыруды жеңілдетеді. Бұған қоса есікке кіріктірілген мұз жасағыш тағамды сақтауға көбірек орын қалдыра отыра, тоңазытқыштың ішінде орын алмайды.

Тоңазытқыштар компрессордың жылдамдығын және жібіту циклін реттейтін AI Energy технологиясымен жабдықталған. Бұл салқындату өнімділігін төмендетпей, электр қуатына шоттарды қысқарта отыра, қуат тұтынуды 10%-ке дейін азайтуға көмектеседі.

Samsung азық-түлікті салқындатып қана қоймай, ақылды құрылғылардың экожүйесінің толық элементі болады. Bespoke AI жаңа үлгілері – жай тоңазытқыштар ғана емес, ақылды үйіңізді басқарудың толыққанды зерделі орталықтары.