Басты бетЖаңалықтарАлматыда «Қазақстан» жаңа медиаорталығы салынып жатыр

Алматыда «Қазақстан» жаңа медиаорталығы салынып жатыр

Алматыда «Қазақстан «РТРК» АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60%-і орындалды. Бұл туралы Алматы әкімдіні хабарлап отыр.

Құрылыс қаржысының 93,3%-і  Алматы қаласының бюджетінен (22,2 млрд теңге) бөлінген. Ғимарат 2025 жылғы желтоқсанда бітеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығы кезеңіндегі есебінде айтылған.

Алматы құрылыс басқармасының ақпараты брйынша, болашақ медиа орталық заманауи телестудиялармен, дыбыстық павильондармен, монтаждау залдарымен және іскерлік іс-шараларға арналған кеңістіктермен жарақтанады.

Техникалық жарақтандыру халықаралық деңгейде телевизиялық және кинематографиялық контент жасауға, сондай-ақ цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, технологиялық медиаорталық болады.