Басты бет Жаңалықтар «Нұрлы жер»: 10 сотық жер қандай жағдайда беріледі?

«Нұрлы жер»: 10 сотық жер қандай жағдайда беріледі?

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылым салынған соң ғана 10 сотық жер берілетіндігін мәлімдеді.

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында министр Жеңіс Қасымбек 10 сотық жерді алу үшін тізімде тұрған азаматтар өте көп болғандықтан, әкімдікпен келісімге келгендігін хабарлады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Өткен аптада Алматы облысына барғанда салынатын үйдің 80%-ы жеке меншік тұрғын үйлер болатынын білдім. Ал («Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – автор) тізімде он сотық жерді алу үшін тұрған азаматтар өте көп. Сондықтан біз әкімдіктермен мынадай келісімге келдік. Енді инфрақұрылым салынған соң ғана 10 сотық жер беріледі», — деді министр.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өңірлерге инфрақұрылымды дамыту үшін тиісті қаражаттың берілетіндігін атап өтті.

«Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Республика бойынша жылына 40 мың адамға жер беріледі», — деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.

 

5 пікір

  1. Жындыханаға комиссия келіпті. Сөйтсе жындылар екінші қабатқа жүгіріп шығады екен де, терезеден ауладағы шұңқырға секіреді екен. Осылай қайталана беріпті. Содан соң комиссияның біреуі бір жындыны тоқтатып алып, неге бос шұңқырға секіріп жатырсыңдар дейді. Сонда ана жынды: Ол шұңқыр біздің болашақ бассейніміз. Бізге бас дәрігер: қашан секіруді үйренсеңдер суға толтырамыз деген — деп айтқан екен. бБіздің 10 сотық та сол сияқты болды ғой. Қашан коммуникация болады, сонда жер беріледі дейді. Ал коммуникация болуы екіталай.

  2. список ты халыкка ашык турде жарияласын!
    Интернетпен, козбен кору ушин.
    40 000 адамга бериледи дегенди коруге

  3. Республика бойынша болғанда, енді оны облысқа бөлсек,он алты облыс тұрғындарының кезегінің қанша жыл күтетінін біле алмадым. Менің есебім бойынша 32жыл өз кезегімді күтуім керек екен…..))) 80-ге жуықтаған жасымда жерге қолым зорға жетіп жатса, ары қарай оған үй тұрғызуыма менде мүмкіндік барына кепіл бар ма?))))
    Үмітпен күдік арасындағы шырмаудамын, достар. Күлу керек пе, жылау керек па?)))(((((((

  4. Басқа аудан елді мекенде тұратын азаматтар өтініш жазса болады ма жер теліміне?Мəселен жетісай қаласында тұратын үйсіз азамат шымкент қаласынан жер теліміне кезекке тұруға бола ма.?

  5. Халыққа мына аумақтан сендерге тегін жер береміз десін, бірақ сол аймаққа инфрақұрылымды өздерің тартып алыңдар десе халық «қуана келісер еді» деп ойлаймын. Жер сатып алуға кететін ақшаға зор қылып инфрақұрылым, одан қалған ақшаға мектеп пен бала бақшасын салып алар еді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version