Қазақстанның жеті облысының кейбір аудандарында орташа құрғақшылық болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Вегетациялық кезең басында жауын-шашынның көп болуы елдің солтүстік облыстарында атмосфералық ылғалдық жағдайын жақсартты. Алайда Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында құрғақшылық әлі де бар. Алдағы айда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылайтындықтан, жекелеген аумақтарда құрғақшылық болуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында жауын-шашын республиканың көп бөлігінде нормадан аз болады деп болжанып жатыр. Жауын-шашын мөлшері Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында нормаға жақын деңгейде болуы мүмкін.
Алдын ала есеп бойынша, маусым айында орташа құрғақшылық мына аудандарда болуы мүмкін:
- Қостанай облысында – Амангелді, Жангелді аудандарында;
- Маңғыстау облысында – Маңғыстау ауданында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай және Шет аудандарында;
- Алматы облысында – Балқаш ауданында;
- Жамбыл облысында – Мойынқұм ауданында;
- Түркістан облысында – Созақ, Қазығұрт, Төлеби, Шардара және Жетісай аудандарында;
- Қызылорда облысында – Қармақшы және Шиелі аудандарында.