Алматы-Бішкек автожолында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында Алматы-Бішкек автожолының 44 шақырымында болған.
Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі жолда ажырап кеткен.
Ажырап кеткен тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып, Geely көлігімен, одан кейін KIA Sportage көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында төрт адам қаза болды, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталады, — делінген хабарламада.