Басты бетЖаңалықтарЖақыпова еңбек жағдайын жақсарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы айтты

Жақыпова еңбек жағдайын жақсарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы айтты

Астанада өтіп жатқан KIOSH 2025 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII Қазақстандағы халықаралық конференция мен көрме аясында ел және шетел сарапшылары кең ауқымды мәселелерді талқылап жатыр. «Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессияда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек жағдайын жақсарту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жаңа технологияларды қолдану керек екенін айтты.

Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев өндірісте қауіпсіз орта қалыптастыру үшін мемлекеттік деңгейде жеткілікті шешім қабылданғанын айтты.

Қазақстан осы салада нақты ілгерілеуді көрсетіп отыр. Үкімет цифрлық шешімдерді енгізеді, заңнамалық базаны нығайтады және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады. Бұл бізде жаңа бастама емес, бізде нәтижелердің бар екендігін атап өту керек. Бүгінгі таңда біз үшін жаңа жоспарлар ойлап табу емес, бұрыннан бар шараларды сапалы орындау маңызды. Бізде механизмдер мен құралдар жеткілікті, ең бастысы – оларды іске асыру және жергілікті жерлерде нәтиже беру, – деп Ермек Көшербаев.

Светлана Жақыпова өз сөзінде биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің ұраны – «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі» екенін еске салды.

Бұл тақырып еңбек жағдайларын жақсарту және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Бұрын біз роботтандыру, автоматтандыру, цифрландыру, климаттық өзгерістер, «жасыл» экономикаға көшу жайында болашақты болжап айтатынбыз. Алайда, бұл болашақ бүгінде біздің шынайы өмірімізге айналып отыр, – деді ол.

Министр цифрлық шешімдер, жасанды интеллект және басқа да шаралар осы салада трендтер белгілейтін елдерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жаңа мәдениетін қалыптастырғанын еске салды, бүгінде Қазақстан осы бағытта дамып келеді.

Жаһандық трендтерді ескере отырып, қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету әрқашан еңбек саласындағы ұлттық саясаттың басты қағидасы болып табылады. Соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейі мен кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған қызметкерлер санының төмендеу динамикасы байқалады, – деді Жақыпова.

Оның айтуынша, проблемаларды айтып қана қоймай, жағдайды шынымен өзгерту үшін ЕХӘҚМ қызметкерлердің денсаулығы мен құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін дәйекті түрде енгізіп, кешенді шаралар қабылдауда.

Біріншіден, өндірістік тәуекелдерді, әсіресе еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындар мен қауіпті өндірістік объектілерді ерте анықтап, оларды басты назарға алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде Қазақстанда кәсіпорындардың Цифрлық картасы және Еңбек тәуекелдерінің картасы сияқты негізгі цифрлық құралдар жұмыс істейді, олар мемлекеттік органдардың 20-дан астам ақпараттық жүйелерінің деректерін жинақтайды. Бұл шешімдер кәсіпорынның объективті бейінін қалыптастыруға, ықтимал қауіптерді анықтауға және профилактикалық сипаттағы шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді, – деді еңбек министрі.

Екіншіден, әрбір жұмыс орнының кәсіптік қаупін бағалаудың және цифрлық шешімдер мен құралдарды қолдана отырып, кәсіпорын бойынша жалпы интегралдық бағалаудың жаңа тәсілдері әзірленді.

Қазіргі уақытта біз career.enbek порталында мамандандырылған ұйымдар мен олардың сарапшылары үшін тізілімге енгізу функционалы жүзеге асырылды. Hr.enbek жеке кабинетіндегі кәсіпорындар үшін электронды түрде КТБ-ға өтінім беру цифрландырылды. КТБ-ға шарт жасасқаннан кейін арнайы ұйымдар FSM social мобильді қосымшасын қолдана отырып, жұмыс орындарында зиянды факторлардың өлшемін жасайтын болады, – деді Светлана Жақыпова.

Кәсіпорындарды интегралды бағалау нәтижелері «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» ААЖ-да қалыптастырылады. Қазіргі уақытта ЕХӘҚМ кәсіпорындармен және арнайы ұйымдармен КТБ-дың жаңа тәсілдерін енгізу бойынша пилотты жүзеге асып жатыр.

Үшінші, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау. 2024 жылдан бастап қызметкерлердің осы санаты үшін 55 жасқа толған және кемінде 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударымдары жасалған азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілді.

Төртіншіден, өндірісте зардап шеккендер үшін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін (бұдан әрі – ЖОМС) жетілдіру.

Бұл бағытта ЖОМС жүйесінің өзінде маңызды өзгерістер күтілуде. Қызмет саласы ғана емес, кәсіпорындағы нақты еңбек жағдайлары да ескерілетін екі компонентті сақтандыру тарифін енгізу жоспарлануда. Яғни, қауіпсіздікке инвестиция салатындар аз, ал еңбекті қорғауда үнемдейтіндер көп төлейтін болады. Бұл қисынды, әділ және аталған бағытты дамытуға жағдай жасайтын шешім. Біз барлық деректерді Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріктіре отырып, ЖОМС-ды рәсімдеуден бастап төлемге дейін толық цифрландыру міндетін қоямыз. Бұл төлем процесін жеңілдетеді және жеделдетеді, оны ашық етеді, – деп айтып өтті министр.

Бесіншіден, оқыту сапасын арттыру және ғылыми әлеуетті дамыту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда.

2024 жылы оқыту мен білімді тексеру рәсімдерін ажырату, бірыңғай оқу-әдістемелік орталық құру процесі басталды, біліктіліктің жаңа салалық шеңбері және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіби стандарты қабылданды.

Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде біз ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жаңа кәсіби стандарттың талаптарын ескере отырып, жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және ТжКБ-ның тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргіземіз, – деп толықтырды ведомство басшысы.

Алтыншы, кәсіподақтар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және олардың ЕХӘҚМ қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін арттыру үшін «Кәсіподақтың автоматтандырылған жұмыс орны» ақпараттық жүйесін сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жүйеде пилоттық режимде жекелеген салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақтар жұмыс істейді. Бұл цифрлық құрал құжат айналымын жеңілдетуге, есептілікті арттыруға, ең бастысы – қызметкерлердің кәсіподақтар институтына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Біз барлық қолданыстағы ұжымдық шарттарды цифрландыруды аяқтадық және электрондық ұжымдық шарттар жасасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені іске қостық. Жаңа сервис Ұжымдық шарттың жобасын дайындаудан, оны еңбек инспекторымен келісуден бастап қол қоюға және қызметкерлерді жеке кабинеттер арқылы автоматты түрде хабардар етуге дейін – қол қою туралы да, одан кейінгі барлық өзгерістер туралы да бүкіл циклды қамтиды. Бұл – процестің ашықтығы мен қолжетімділігін едәуір арттырады, тараптардың өзара әрекеттерін жеңілдетеді және жұмыс берушілер мен кәсіподақтарға әкімшілік жүктемені азайтады, – деп айтып өтті Светлана Жақыпова.

Жетіншіден, ЕХӘҚМ еңбек инспекциясының берілетінін, FSM social қосымшасын пайдалана отырып өндірістегі жазатайым оқиғаларды мемлекеттік бақылауды және тергеуді автоматтандыруды ескере отырып, бұзушылықтар туралы сигналдарды ерте анықтау және оларға жедел ден қою құзыретіне ие мінсіз және үлгілі мемлекеттік инспектордың жаңа моделі енгізілуде.

2025 жылғы ақпаннан бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін 200 АЕК-ке дейін, қайталап бұзғаны үшін 400 АЕК-ке дейін айыппұл мөлшерін арттыру арқылы әкімшілік санкциялар күшейтілді.

Өз сөзінің соңында министр ұсынылған шараларды дәйекті іске асыру еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға, жарақаттану мен кәсіптік ауруларды қысқартуға, сондай-ақ зардап шеккендерге және жоғары тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адамдарға лайықты қолдау көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

KIOSH 2025 конференциясы мен көрмесі үш күн өтеді.

KIOSH 2025 конференциясының екінші күні ERG-мен серіктестікте қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдеріне арналады. 29 және 30 мамырда нақты өндірістік жағдайларды модельдейтін және тәуекел жағдайында тиімді әрекеттерді үйрететін SAFETY GAMES интерактивті бизнес-ойындары өтеді.

Конференция аясында өндірістік бақылауды цифрландырудан бастап корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға дейін барлығы 10 тақырыптық сессия өткізу жоспарланған.

2025 жылдың экспоненттері Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түркия сияқты 12 елден 91 компания болды. Оның ішінде 37 компания алғаш рет өз әзірлемелерін ұсынды. Қатысушылар жеке қорғаныс пен мониторингтің соңғы құралдарынан бастап цифрлық технологиялар мен персоналды оқыту бағдарламаларына дейінгі өнімдердің кең спектрін көрсетті. Алғаш рет жұмыскерлерге арналған арнайы киімнің сәнді көрсетілімі өткізілді, сондай-ақ биіктікте қауіпсіз жұмыс жасауды көрсететін арнайы алаң ұйымдастырылды.