Басты бетЖаңалықтарҚМДБ онлайн құрбандық шалуға арналған сайтты іске қосты

ҚМДБ онлайн құрбандық шалуға арналған сайтты іске қосты

Қазақстан азаматтары биыл да қашықтан құрбан шала алады. Мүфтият арнайы сайт іске қосылғанын хабарлап отыр.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі жіберіледі.