Басты бетЖаңалықтарШегіртке ел аумағында 2,1 миллион гектарға дейін таралуы мүмкін

Шегіртке ел аумағында 2,1 миллион гектарға дейін таралуы мүмкін

2025 жылы ел аумағында шегірткелердің таралу көлемі 2,1 миллион гектарға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта 14 өңірде 596,3 мың гектар алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде орындалып жатыр. Оларды ауыл шаруашылығы вице-министрлері, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, сонымен қатар өңірлерде құрылған жедел штабтар бақылауда ұстап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке бақылауына алды. Күрес шараларына 443 бүрку техникасы жұмылдырылып, зерттеу жұмыстарына 4 625 маман тартылған. Қажет техника мен препараттар жеткілікті, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік интернет кеңістігінде және бұқаралық ақпарат құралдарында шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар мен бейнематериалдардың таралып жатқандығын, тек ресми дереккөзге сенуге шақырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да