Басты бетЖаңалықтарТоқаев Ақордада Руанда президенті Поль Кагамені қарсы алды

Тоқаев Ақордада Руанда президенті Поль Кагамені қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Руанда президенті Поль Кагамені қарсы алды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Поль Кагаме бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Поль Кагаме кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі келіссөз жүріп жатыр.