2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 19:51-де Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС хабарлап отыр.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың ошағы Қазақстан шекарасында, нақтырақ айтқанда, Жетісу облысы аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің сезілу күші Капал-Арасан елді мекенінде – 2 балл болды.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат жоқ.