Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 74 жастағы зейнеткер кісіге іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мақаншы ауылының тұрғыны Тұраров Сембай Мырзаханұлы 1951 жылғы 10 наурызда туған.
2025 жылғы 21 мамыр күні ол Мақаншы ауылының Жамбыл көшесі №23 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Қазіргі уақытта Мақаншы аудандық полиция бөлімі ер адамды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері ауыл ішін, жақын маңдағы аумақтарды, орман алқаптары мен жол бойын тінтіп жатыр.
Полиция із-түссіз кеткен зейнеткерді көрген немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарды үнсіз қалмауға шақырады.
Хабарласу үшін телефондар: 102 (тегін); 8 (722) 394-12-78 — Мақаншы аудандық полиция бөлімі.