«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында көшпелі семинар кеңес өткізді.
«Оңтүстік» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаевтың айтуынша, кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы жабдықтың ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе алады.
«Мұның артықшылығы — инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады, — дейді ол.