2025 жылғы 27 мамыр күні таңертең Алматыдан 323 шақырым қашықта жер сілкінді. Бұл туралы ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,4. Энергетикалық класы — K=9,5.
Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.