Шымкентте Германия, Венгрия, Қытай, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелері арқылы орындалады.
- 27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен, сейсенбі және бейсенбі күндері аптасына екі рет,
- Шымкент-Будапешт, сейсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет,
- 29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай, аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері,
- Шымкент-Сеул аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері,
- Шымкент-Каир, бейсенбі күндері аптасына бір рет. 24 маусымнан бастап аптасына екі рет дүйсенбі мен бейсенбіге дейін.
- 2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет,
- 4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші, аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері.
Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2024 жылғы 25 желтоқсанда ашылды. Терминалдың өзінен басқа, әуе кемелеріне арналған перрон мен тұрақ орындарын ауқымды қайта құру жүзеге асырылды, жаңа такси жолы, вокзал маңы алаңы салынды, бірқатар жаңа нысан құрылды.