Басты бетЖаңалықтарҮкімет отырысында қандай мәселе қаралады?

Үкімет отырысында қандай мәселе қаралады?

Бүгін сағат 10:00–де үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібіне өткен жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелесі шығарылып отыр.

Министрлер кабинеті отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша негізгі мәліметтерді өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ұсынады.

Министр өткен жылғы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірді тұтыну жоспарына тоқталып, алдағы жылыту маусымына көмірді үздіксіз жеткізу жоспары әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға, ҚТЖ және көмір компанияларына жолданғанын атап өтеді.

Сонымен қатар ол жыл сайын жылу және су жабдықтары мен су бұру жүйелерінің тозуына байланысты технологиялық апат туындау қаупі бар өңірлерді атайды. Мұнан бөлек, Ерсайын Нағаспаев алдағы жылу маусымына дайындалу мақсатында министрліктің іс-шаралар жоспары дайындалғанын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге тоқталады.