Алматыда бүгіннен бастап Айтықов көшесінің көлік қозғалысы схемасына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Енді Баймағамбетов көшесінен бастап Даналық көшесіне дейінгі аралықта көліктер тек оңтүстік бағытта біржақты қозғалады.
Бұл шешім әкімшілік полиция басқармасымен келісім бойынша қабылданған және эксперименттік режимде жүзеге асырылады. Мақсат көше бойындағы көлік өткізу қабілетін арттыру және жолдағы қайшылықты нүктелерді жою, — делінген хабарламада.