Биыл Алматыда 670 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлап отыр.
Басқарманың мәліметінше, 2024–2025 оқу жылында Алматы қаласында 349 465 бала білім алды. Соның ішінде 18 мыңнан астамы – 11-класс оқушысы.
Осы 1 764 түлек мектепті үздік бітірді, 670 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11-класс оқушыларының 92,1%-і – яғни 17 522 адам – қатысатынын растады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл Алматы мектептерінің түлектері қалалық және республикалық олимпиада да топ жарды. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бірінші орынды иеленіп, 66 медаль мен гран-при жеңіп алды.