Түркістан облысында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан екі адам қаза болды. Сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.
Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, нәтижесінде бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өртке күйіп, абайсызда олардың өлімдеріне алып келген екі адамға қатысты үкім шығарды.
Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда екі адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді.
29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған JOL YRYSY ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорын әрқайсысына бес жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады, — делінген хабарламада.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.