Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 232 мың адамға үкімет 10,4 миллиард теңге төлейді

Қазақстанда 232 мың адамға үкімет 10,4 миллиард теңге төлейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 43,4 мың отбасыны табысы аз деп бағалап, оларға 10,4 миллиард теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төлейтін болды.

Бұл туралы минитсрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 132,9 миллиард теңге төлеу көзделген.

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай қолдау, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — делінген хабарламада.

Атаулы әлеуметтік көмек:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға төленеді;

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен бірге электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады, — делінген хабарламада.