Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға осы аптада бірқатар елдің президенті келеді

Қазақстанға осы аптада бірқатар елдің президенті келеді

Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар іс-шара өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана СиляновскаяДавкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.