Елімізде прокуратура саласы жаңғыртылады – Нұрлан Әбдiров

«Заң жобасында қадағалаудың үш нысаны көзделген: заңды күшiне енген құқықтық актiлердi тексеру, талдау, бағалау. Прокурордың құқықтық актiлерi жүйесi түзетiлдi. Прокурорлық қадағалау актiлерiнен «алдын ала ескерту» және «ұйғарым» алынып тасталды. Ендi қадағалау актiлерiн мәжбүрлеп орындату сот тәртiбiмен ғана жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, заңды түсiндiру мазмұны өзгертiлдi. Аталған құқықтық актi қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ, дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәлiмет болған кезде олардың алдын алу мақсатында енгiзiлетiн болады», — дедi Кравченко.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, заң жобасына сәйкес, прокуратура кәсiпкерлер, жеке тұлғалар мен түрлi қоғамдық ұйымдарды көп тексермейді. Прокуратура жұмысының басым бөлiгi мемлекеттiк органдарды тексеруге бағытталады.

«Заң жобасында 9-бап – «Тексерiлетiн объектiлердiң құқықтық мiндетi» бар, оның 1-тармағы бойынша субъектiлердiң тексеру қаулысы мен тiркеуi болмаған жағдайда тексеруге жол берiлмейдi», — деп түсiндiрдi Андрей Кравченко.

Ал Мәжiлiстiң Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнiң төрағасы Нұрлан Әбдiров «Прокуратура мен азаматтар үшiн жаңа кезең басталды десек болады. Себебi, прокуратураның мәртебесi мен рөлiн үлкен жаңғырту күтiп тұр» дедi.

Атап өтсек, Конституцияның 83-бабына енгiзiлген түзетулерге сәйкес прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгiленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, айта кетсек, бүгiн таныстырылған заң жобасы – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығын орындау мақсатында әзірленген заң жобасы. Аталған Заң жобасын қабылдау міндеті Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ прокуратура қызметін жетілдіру болып табылады.

ДереккөзBaq.kz