Басты бетЖаңалықтарAli Okapov, Son Pascal және Yenlik – мектеп кезіндегі әндер туралы

Ali Okapov, Son Pascal және Yenlik – мектеп кезіндегі әндер туралы

Соңғы қоңырау – оқу жылының жай ғана аяқталуы емес. Бұл – өмір сәл баяулап, өткенге көз тастап, маңызды бір сәттерді еске түсіруге мүмкіндік беретін күн.

Үй тапсырмасын да, бақылау жұмысын да емес, мектептің акт залындағы алғашқы биді немесе бүкіл параллель сынып болып көзге жас алмауға тырысып, ән айтқан кешті алғаш рет сағынатын сәт.

Арнайы соңғы қоңырау мерекесіне орай Яндекс Музыка «Қош бол, мектеп!» атты ерекше плейлист ұсынды. Онда – артистердің мектептегі естеліктері мен ешқашан ұмытылмайтын, жүрекке жақын әндер жинақталған. Форманы баяғыда шешіп қойсаңыз да, бұл әндер әрдайым жадыңызда болатыны сөзсіз.

Қазақстандық артистер мектеп қабырғасындағы шағы жайлы не айтады?

Ali Okapov:

Біздің сыныпта бір дәстүр болатын, оны біз мектеп бітіргенше бұлжытпай сақтадық. Оқу жылы аяқталып, соңғы емтихан біткен соң бүкіл сынып болып қала сыртына шығатынбыз. Кешкі мезгіл, күн батып бара жатыр, біз су қоймасының жағасындамыз, бір сыныптасым гитарасын алып шығады, біз бәріміз бір әнді орындаймыз. Бұл ән біздің сыныптың әнұранына айналды – достық пен еркіндіктің әнұраны. Бұл ән мені 15-20 жыл бұрынғы жас кезіме қайта апарады. Әлем үлкен, өмір әлі алда деп сенетін шаққа. Әлі күнге дейін ол ән мені толқытады. Бұл – Uma2rman және Тимати орындаған «Дождись» әні.

Son Pascal:

Мектеп – менің музыкалық жолым басталған мекен. Мен досым Стефаноға алғыс айтамын – ол мені Pink Floyd тобымен таныстырды. Оның сүйікті әні – Comfortably Numb болатын. Бірде мектепте музыкалық топқа гитарист іздей бастады. Мен осы әнді жаттап алып, жігіттерге ойнап бердім. Оларға ұнады, сөйтіп мен топтың мүшесі болдым. Сол сәттен бастап музыка мен үшін жай хобби емес екенін түсіндім.

Yenlik:

Ең есте қалған сәттердің бірі – мектептегі соңғы қоңырау. Біз бүкіл сынып болып «Жан досым» әнін айттық. Біреу нотаға салып айтты, біреу – салмай-ақ шырқады. Бірақ ол маңызды емес еді. Біз бір-бірімізді құшақтап, күліп, өміріміздің бір кезеңімен қоштасып тұрғанымызды түсіндік.

Осы естеліктер мен әндердің барлығы Яндекс Музыкадағы арнайы плейлистте қолжетімді. Олар – мектеп ауласын, сыныптастарды, сол бір балалық шақты ойға оралтады.

Тыңдаңыз. Еске түсіріңіз. Және сеніңіз – бәрі енді ғана басталды.