Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Оқиға 22 мамыр сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
Автобус Рысқұлов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, Шемякина көшесінен кері бағытқа бұрылмақ болған. Алайда «Ауди» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан, — делінген хабарламада.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.