АҚШ-та үйдің қабырғасын 14 сағатта тұрғызатын 3D-принтер шығарылды

CNN арнасының хабарлауынша, жоба авторлары — Массачусетс технология институтының мамандары.

3D-принтердің үлкен жіне кіші — екі бірдей манипуляторы бар. Принтерді құрылыс жүргізілетін аймаққа орналастырғаннан кейін осы екі манипуляторы автоматты түрде арнайы көбіктен каркас жасап, үйдің қабырғасын тұрғыза бастайды. Бәрі біткен соң, принтерді ғимараттан шығарып алады. Алдағы уақытта оған күн батареялары орнатылады.

Мамандардың айтуынша, бұл технология тұрғын үйдің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, принтерді құрылыс құрылғыларын апару қиынға соғатын алыс аймақтар мен табиғи апат жиі болатын аумақтарда қолдануға болады.

Авторлар 3D-принтерді қолданысқа 5 немесе 10 жылдан кейін шығаруды жоспарлап отыр.

ДереккөзTass.ru