Басты бетЖаңалықтарСәтбаевта белгісіз ер адам әйелге тап берген

Сәтбаевта белгісіз ер адам әйелге тап берген

Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам әйелге тап беріп, сүйрей жөнелген. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Оқиғаның видеосы kozachkow телеграмм каналында тарап жатыр. Бейнекамераның жазбасына  қарасақ, үйге кіріп келе жатқан әйелді еңгезердей еркек аузын басып, сыртқа сүйрей жөнелген. Әйел қатты айқайлаған кезде далаға қашып кеткен, көршілер де көмекке келгенін байқауға болады.

Ұлытау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлап отыр.

шабуыл
Фото: istockphoto.com

Әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да