Басты бетЖаңалықтарАлматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

ТЖД мәліметінше, 23-24 мамыр аралығында қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары.

Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Осыған орай, алматылықтарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға аттанбауға кеңес берді.

«Қазгидромет» кәсіпорыны таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.