Басты бетЖаңалықтарАстанада 24-25 мамыр күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 24-25 мамыр күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада 24-25 мамыр күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен басқа да көптеген өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 24 және 25 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық.

Жұрттың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңында №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары жүреді, бұл іс-шара өтетін орынға тез жету үшін ұйымдастырылды.