Басты бетЖаңалықтарАлматыда екі электр маманын тоқ соқты

Алматыда екі электр маманын тоқ соқты

Алматыда «Жастар» тұрғын үй кешенінде жөндеу жүргізіп жатқан екі электр маманын тоқ соқты. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Оқиға барысында екі жұмысшыға электр тоғы соққан. Дәрігерлер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді.

Жеке қызмет көрсету компаниясының екі қызметкерінің электр тоғы соғуы фактісі бойынша, Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын атап өтті.