
Taylor & Francis халықаралық медициналық журналында жарияланған еуропалық ғалымдардың жаңа зерттеуі индукциялық жүйемен жабдықталған қыздыратын темекінің жаңа буыны зиян заттарды дәстүрлі темекімен салыстырғанда ғана емес, бұрынғы буын құрылғыларымен салыстырғанда да аз бөлетінін көрсетті.
Темекі шегу – инфекциялық емес аурулардың, соның ішінде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және басқа да дертті тудырушы бес фактордың бірі. Дегенмен темекіні тастау немесе зиянын азайту арқылы аурудың алдын алу мүмкіндігі артады. Осы себепті баламалы түтінсіз құрылғыларды жасау бойынша ғалымдар мен инженерлер белсенді жұмыс істеп жатыр. Ал темекі шегетіндердің денсаулығына келетін зиянды азайту тәсілдері көптеген ғылыми зерттеу нысанына айналған.
«PMI THS 3.0 қыздыратын табак тудырған аэрозоль мен темекі түтінінің химиялық заттары мен токсикологиялық әсерін салыстыру» деген зерттеуде индукциялық жүйемен жабдықталған хиттердің жаңа буыны темекімен де, бұрынғы буын құрылғыларымен де салыстырғанда зиянды айтарлықтай азайта алатыны дәлелденді.
Зерттеу авторлары темекі қыздыру технологиялары дамып жатқандықтан, олардың дәстүрлі темекіге қарағанда қауіпсіздігін үнемі бақылап, растап отыру маңызды екенін атап өтеді. Олар зиян және әлеуетті зиян компоненттерді (HPHC) және in vitro уытын зерттеу арқылы дәстүрлі темекі түтіні мен кейінгі буындағы қыздыру жүйесінің аэрозолы қаншалық уытты екенін жан-жақты талдаған.
Нәтижеле бойынша, THS 3.0 жүйесі темекі түтінімен салыстырғанда мөлшері едәуір аз әрі деңгейі төмен HPHC шығарады. Сондай-ақ, THS 3.0 аэрозолының уыт әсері темекі түтінімен салыстырғанда айтарлықтай төмен болып шықты. Бұл THS 3.0 жүйесін дәстүрлі темекіге қарағанда зияны азырақ балама ретінде қарастыруға негіз болады.
Ең жаңа хиттерлерде индукциялық қыздыру технологиясы қолданылады, бұл технология көпшілікке асүй плиталарынан таныс болуы мүмкін. Бұрынғы модельдерде қолданылған кондуктивті қыздыру әдісінен айырмашылығы, индукциялық технология аэрозольдің дәмі мен иісін жақсартып қана қоймай, түтін мен зиян заттардың бөлінуін айтарлықтай азайтады. Темекі таяқшасының (стиктің) ішінде қыздыру элементі – металл жүз орналасқан, ол қыздырған кезде белгілі бір электр өрісіне түседі. Электромагниттік индукция әсерінен стик ішіндегі жүз тез арада 350 °C-қа дейін қызады, бұл ретте стик ішіндегі темекіден басқа ешнәрсе қызбайды. Бұрынғы модельден айырмасы, мұнда қыздыру элементімен тікелей байланыссыз қыздыру жүзеге асады. Нәтижесінде, стикке салынған темекі ішінен қызып, никотин мен хош иісті компоненттерді аэрозольге бөліп шығарады, оны адам жұтады.
Бір айта кетерлігі, көп жылдан бері қалыптасқан пікірге қарамастан, темекіден болатын аурулардың себебі никотин емес. Никотин тәуелді етеді, сондықтан оны зиянсыз деп атауға болмайды, бірақ ол өздігінен, мысалы, қызанақта, баклажанда, шай мен кофе сияқты басқа да тағам өнімдерінде бар. Ғылыми тұрғыда темекі шегетіндердің дертке шалдығатынына темекі түтінімен бөлінетін улы және канцерогендік заттар себеп болатыны дәлелденген. Бұл заттар темекі түтінінің әрбір жұтылған бөлігінен адам ағзасына түседі. Темекі шегіп жатқанда жану процесін жоятын болсақ, зиян әсері де жойылады.
Жаңа зерттеулер индукциялық қыздыруды қолданатын хиттерлердің инновациялық буынында зиян және әлеуетті зиян компоненттердің деңгейі референстік темекі түтінімен салыстырғанда едәуір төмен екенін көрсетті. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) және Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігі (IARC) қолданатын әртүрлі хаттама бойынша талдау нәтижесінде бұл көрсеткіш 95-97% төмендегені анықталды (1-суретке қараңыз).
Сонымен қатар зерттеушілер уыт азайғанын анықтау үшін цитоуытты, мутагенді және геноуытты in vitro тесті арқылы зерттеді. Бұл тесттерде индукциялық жүйенің аэрозолі мен темекі түтіні талданған. Талдау жалпы дисперстік фаза мен газ-булы фазаның фракцияларын қолдану арқылы жүрген. Нәтиже индукциялық жүйе аэрозолі уыты айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Зерттеу барысында жүйе екі типті фракциялар үшін темекі түтінімен салыстырғанда цитоуыттылықтың кем дегенде 95% төмендегенін дәлелдеді.
Бактериялардағы кері мутацияларды талдау нәтижесі бойынша (Эймс тесті), фракциялардың ешбірінде аэрозоль мутаген әлеуетін көрсетпеді. Ал темекі түтінінің жалпы дисперстік фракциясы мутаген болып шықты. Сонымен қатар газ-булы фракциядағы аэрозоль темекі түтінімен салыстырғанда геноуытты орташа есеппен 90% азайтқан.
Зерттеу нәтижесі индукциялық хиттерлер аэрозолында темекі түтінімен салыстырғанда HPHC мөлшері айтарлықтай аз әрі деңгейі төмен болатынын көрсетті. Бұл in vitro цитоуыттың, мутагеннің және геноуыттың азаюына әкеледі.
Технологиялар дамығанына қарамастан, темекіні қыздыру жүйелерінің зияны азырақ балама ретінде әлеуеті өзгеріссіз болып отыр. Бұл қоғам денсаулығы көрсеткішінің жақсаруына да оң әсер етеді, – деп қорытындылады ғалымдар.